Бөлме температурасын арттыру
Былтыр да, биыл да қыста тоңып шықтық. Былтыр қабаттанып киініп, қалың жамылып амалдасақ, биыл шыдамым таусылды. Өмір бойы әр қыс сайын осылай жүре бермейміз ғой енді, әр нәрсенің шегі бар.
Күзде есіктің тығыздауыштарын ауыстырдым. Білмейтіндерге: резина жолақтар — есік пен жақтаудың арасына салынады. Құрылыс дүкендерінде, базарларда сатылады. Нақты бағасы есімде жоқ, бірақ қымбат емес. Бұрын есік жақтан салқын ауа кәдімгідей сезіліп тұратын, онымен қоса подъезд алаңқайында көршілердің шеккен темекісінен жағымсыз иіс те сол желмен бірге кіретін. Қазір иіс те, салқын ауа да тыйылды. Аралық тығыздауыштардың әсері бар екен, қалай десек те.
Бірақ бұдан үй жылынып кетті деу қиын. Суық бәрібір бар. Содан интернеттен үйдегі жылуды сақтаудың амалдарын іздестірдім. Тәсілдер көп, бірақ оның бәріне менің ақшам да жетпейді, қолымнан да келмейді. Бір ғана амалды жасау оңай екен, ол — алюминий фольганың көмегімен бөлмедегі жылуды ұстау.
Алюминий фольга жылуды кері қайтаратын қасиетке ие, бұл жерде суық қабырғаға өтіп кететін жылу туралы айтып отырмын. Ол үшін фольганы жылу батареясының артына ұстау керек. Содан іске кірісіп кеттім. Фольганы табу қиын емес, құрылыс заттарын сататын базарларда болады. Өзім Алматыдағы «Саламат» базарынан таптым. Екі метрі 1 мың теңгеге шықты.
Бастапқыда фольганы ұстата салудың еш қиындығы жоқ сияқты көрінгенімен, біраз терлетеді екен. Үстіңгі және астыңғы жағын скотчпен жабыстырдым, ал ортаңғы бөлігі қомпайып кетпеу үшін екі жағы жабысатын қалың скотчпен қабырғаға ұстаттым. Бір үлкен кедергі бар — батареяны ұстап тұрған тіректер. Фольганың сол тіректерге келетін тұсын жақсылап өлшеп қиған абзал, қисық ілінсе эстетикалық әлпеті көңіліңді түсіріп жібереді (онсыз да фольганың өзі сүйкімсіз рең беріп тұрады).
Ілінген фольга мен батарея арасында бос кеңістік болуы керек. Қабырғаға бағытталған жылы ауа фольгаға ұрылып, кері қайтуы үшін сол дұрыс. Бір-біріне тақалып тұрса фольганың ешқандай әсері болмайды, жай ғана қабырғаңның сәні кетіп тұрады (не деген урод материал еді өзі).
Енді нәтижесіне келейік. Бірден айтайын, мәйкі-шортыңды шығаруға асықпа. Үйді ысытып жіберетіндей әсерде емес, әрине. Бірақ аздап болса да температураның көтерілгені сезіледі. Әйтеуір бүріспей, бойымызды жазып жататын жағдайға жетіп қалдық. Ыхы-ыхы. Әйеліме жағып қалған секілді, асбөлмеге де істеп бер деген тапсырыс алдым. Жаңа ғана істеп болдым.
Интернеттегі мамандардың айтуынша, үйің жып-жылы болу үшін барлық жерін оқшаулау керек. Ондайда қолданылатын арнайы төсемдері бар, іздесе неше түрлісі кездеседі. Ал менде балконның есігінен бәрібір салқын ауа кіріп тұр. Алдағы жазда қамдайтын шаруаларымның бірі осы болмақ.
Әрі қарай